БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қаратөбе аудандық ауруханасы» МКК
0

Біз туралы

 

Сіздер БҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Қаратөбе аудандық  аурухана» МКК-ның сайтына қош келдіңіздер!!!


Аудандық аурухананың атқарып отырған қызметі тұрғындарға кепілді медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкіметінің  тұрғындардың денсаулығын қорғау бойынша бұйрықтары мен қаулыларын орындауға және мемлекеттік тапсырысты орындау мен ақылы қызмет көрсетуге бағытталған.


Аурухана директоры: Елеусинова Венера Жаукеновна


Қаратөбе аудандық ауруханасы  мемлекеттік қазыналық коммунальдық кәсіпорын мәртебесіне ие. 14369 адам санынан тұратын тұрғындарға қызмет көрсетеді, оның ішінде 0-ден 14 жасқа дейінгі балар саны 3937.


Біздің ауруханада өз құрамында 35 кереуеттік стационар және бір ауысымда 100 келушіге 61 кереуеттік күндізгі стационарымен емхана (оның ішінде 13 балалар кереуеті) және дәрігерлік амбулаторияларда 40 кереуеттік күндізгі стационары бар.


Қаратөбе АА жанында барлығы 5 дәрігерлік аумбулатория, 3 ФАП, 9 МП бар:

  1. Сулыкөл ДА      
  2. Егіндікөл ДА
  3. Жусандыой ДА
  4. Қоскөл ДА
  5. Қарақамыс ДА
  6. Шөптікөл ФАП
  7. Қоржын ФАП
  8. Ақтай ФАП
  9. Сауле МП
  10. Бесоба МП
  11. Алакөл МП
  12. Үшағаш МП
  13. Соналы МП
  14. Үшана МП
  15. Төлен МП
  16. Ханкөл МП
  17. Шалғын МП

Тұрғындарға 23 дәрігер медицинақ  көмек көрсетеді, оның ішінде 5 дәрігер жоғары санатты, 7 дәрігер 1 санатты және 2- і - 2 санатты. Аудандық ауруханада жұмыс жасайтын 118 орта медициналық қызметкерлердің 56-ның санаты бар, оның ішінде  44 жоғары санатты, 8- 1 санатты, 4 - 2 санатты.


Стационарда терапия, хирургия, педиатрия және акушер - гинекологиялық  бейіндер бойынша жедел және жоспарлы стационарлық көмек көрсетіледі.


Аудандық аурухана стационарлық және жылжымалы флюоро және рентген –аппарат сияқты диагностикалық құралмен жабдықталған, функционалдық диагностика кабинетінде ЭКГ аппараты, велоэргометр, СМАД, Холтер, спирограф орналастырылған, УДЗ аппараты, эзофагогастрофиброденоскоп (ФГДС) бар, биохимиялық зертханада биохимиялық анализатор жұмыс жасайды. 2021 жылы  8 дана   ЭК –ЗТ -01 РД Электрокардиограф аппараты, 1 дана ДКИ -Н-11 «Аксион» дефибриллятор , 1 дана алкотестер, «Aудио Смарт» ОАЭ КСВП импедансметриялық аудиологиялық скрининг жүйесі  (толық жинақ), пациент мониторы, цифрлық стационарлық рентген аппараты, ИВЛ аппараты, феталды монитор, EcoView 90 жиынтығындағы  цифрлық рентгенография/флюорографиялық жүйесі, эксперт класты ЭХО КГ) аппараттары алынды.


Науқастарды стационарлық та, емханалық та жағдайда емдеу барысында УВЧ, ультрадыбыс аппараттары, массаж, ЕДШ кеңінен қолданылады.


Қаратөбе АА емханасында 100 келушіге ауысымда жалпы тәжірибелі дәрігерлер және төмендегі аталған мамандықтар бойынша кеңес беру-диагностикалық қызметі бар: неврология, психиатрия, наркология, офтальмология, отоларингология, дермато-венерология, хирургия, кардиология, эндокринология, онкология, маммология, реабилиталогия, стоматология мен инфекция.


Аудандық ауруханада М. Оспанов ат. Медициналық академиясы Батыс Қазақстан медициналық колледжі базаларында дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің білімдерін жетілдіру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады. Аудандық «Қаратөбе өңірі» газетіне әртүрлі аруларды алдын алдын алу бойынша мақалалар басылып тұрады.