БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қаратөбе аудандық ауруханасы» МКК
0

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі

Пациенттерге  қолдау көрсету  қызметінің жұмыс кестесі:


Дүйсенбі - жұма  09.00 - 18.30
Үзіліс  уақыты  13.00 - 14.30

 

Жауапты тұлға:  Төлеуғали Шаттық Есенжолқызы  -  Пациенттерге  қолдау көрсету қызметі дәрігері

Аудандық Сall - центр телефоны 8(71145)21-9-77

Облыстық  Сall - центр телефоны 24 -00-06. Қоңырау шалу тегін.

 «Денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 бабына сәйкес біздің медициналық ұйымда пациенттерге қолдау көрсету қызметі құрылған (Ішкі бақылау/аудит қызметі).

 

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ міндетіне медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін   айқындау жатады.

 Осыған байланысты, егер Сіз:

 - медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;

 - медицина қызметкерлері тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;

 - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақшаны талап ету фактілерімен кездессеңіз;

 - сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ жолығуыңызды өтінеміз.

 Cіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп біздің емхананың 1 қабатта, тіркеу орны маңында орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады. Сондай-ақ Сіз біздің сайтымыздағы  директордың блогына жаза аласыз.

 

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ Сіздің шағымыңызды қысқа мерзімде  және бес күнтізбелік  күн арасында қарап, оның  нәтижесі бойынша Сізге ақпаратты ұсынады.

 ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ мына телефондарға хабарласа аласыз:

8(71145)21-9-77, кабинет № 7.