БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қаратөбе аудандық ауруханасы» МКК
0

16-шы қыркүйек күні аудан прокуроры Алмас Төрегелдіұлы Таспихов және аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Серіков Айзат Серікұлы аудандық аурухана ұжымымен кездесті

Қазіргі уақытта қоғамымызда болып жатырған өзекті мәселелердің бірі - алаяқтан қорғану. Кездесуде аудан прокуроры арнайы дайындалған бейне материалды көрсетіп, алаяқтықтың қалай жасалатын және одан қорғану үшін қандай әрекет жасау керектігін түсіндірді.

Осы орайда прокуратура ​ алаяққа алданбау үшін:

Өзіңіз туралы жеке мәліметтерді (ЖСН, жеке куәлік нөмірін, банктік карточкаңыздың нөмірін, ұялы телефон нөмірін) бейтаныс адамдарға бермеңіз;
«Онлайн» саудадан алшақ болыңыз;

«Каспи» қосымшасы арқылы таныс емес адамдарға ақша аудармаңыз, кездейсоқ адамдардың сұрауымен қолма-қол ақшаға айырбас жасамаңыз;

Бөгде адамдардың сұрауымен смартфондарыңызға қосымша бағдарлама көшірмеңіз;

Сізге хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырса, аты-жөні мен банктің атауын анықтап, сол банктің «жедел желісіне» хабарласып, мән-жайды нақыталып алыңыз;

Ұялы телефоныңызға ұтыс туралы келген хабарламаларға жауап бермеңіз.

Алаяққа алданбау өзіңізге ғана байланысты екенін айтып өтті.