БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қаратөбе аудандық ауруханасы» МКК
0

1 Қазан - қарттар күніне орай Қаратөбе аудандық ауруханасы және ауруханаға қарасты медициналық мекемелерде ашық есік күндері өткізілді

Ашық есік күні аясында қарттарымыз медициналық мекемелерімізге келіп тексерістен өткізіліп, медициналық мекемелерімізге келе алмаған қарттарымызға үйлеріне барып медициналық қызметтер көрсетілді. Қарттарымызға арнап дастархан жайылып, медициналық мекемемізде қызмет етіп зейнетке шыққан ардагерлерімізге сыйлықтар табыс етілді. Барша ардагерлеріміз өздеріне жылы шырай танытып қарсы алған медициналық қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, гүлдерін табыстады.