БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қаратөбе аудандық ауруханасы» МКК
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Название Скачать
1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспары
2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген семинар кеңес хаттамалары
3 Хат_19.05.2021 9-37-17
4 Хат_1719052021093829.05.2021 19-43-07

 

«Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамақ

А Н Ы Қ Т А М А

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

  1. Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі – «Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы.

«Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК басшысының 2019 жылғы «25» қарашада №108 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

  1. Ішкі талдау төмендегі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

1) Исмагулов Кайрат Жакиевич-заңгер, жұмыс тобының басшысы;

2) Елбаева Света Жалгасовна-экономист, жұмыс тобының мүшесі;

3) Бекмағанбет Әсел Қайыржанқызы-кадр бөлімінің инспекторы, жұмыс тобының мүшесі.

Ішкі талдау жүргізу келесідей бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас қауіптерін анықтау.

1) Кәсіпорынның қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдар, Кодекстер, нормативтік-құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

 «Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-да барлығы 262 қызметкер жұмыс жасайды. Үстіміздегі жылы басқа жаққа жұмыс ауыстыруларына байланысты 22 қызметкер өз еркімен жұмыстан кетті. Кадрлардың қозғалысы – 8% пайыз. Сондай-ақ, кәсіпорын басшы құрамына туыстықпен жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ.

Есептілік кезеңінде 2019 жылдың 11 айында зейнеткерлікке шығуына байланысты 1 қызметкер жұмыстан босатылып, мерзімді шартпен қайта жұмысқа алынды. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс арқылы және «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы жолдамамен жүзеге асырылды. Осы кезеңде жұмысқа 18 қызметкер қабылданды.

Кәсіпорында 2019 жылдың осы мерзіміне 714 бұйрық шығарылған. Шығарылған бұйрықтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлар тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Сонымен қатар, кәсіпорында 21-9-77 «сенім телефоны» жұмыс істейді. Арыз-шағым жәшігі ілінген. Арыз-шағым жәшігіне ешқандай арыз, шағым, өтініш, ұсыныс, талаптар түспеген.

Кәсіпорында Қазақстан Республикасының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы»,  «Әдеп» кодексінің талаптары қатаң бақыланады.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар анықталмады.

Кәсіпорынның қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ.

Кәсіпорынға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сай жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сай жүзеге асырылады. Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымдарда кәсіпорынның мамандарының үстінен жазылған мақалалар болған жоқ.

Бюджет қаражатын игеру:

Кәсіпорында негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 193 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіктер анықталған жоқ.

Қортынды:

«Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қортындысы бойынша ұсынады:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді ұйымдастыру;
  2. Сыбайлас жемқорлықтың алдан алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
  3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

Жұмыс тобының басшысы, заңгер                                ________________ Қ.Исмагулов

Жұмыс тобының мүшесі, экономист                             ________________С.Елбаева

Жұмыс тобының мүшесі, кадр бөлімінің инспекторы  _______________ Ә.Бекмағанбет

 

 

Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы https://publicbudget.kz

Бюджеттен бөлінетін қаражатты жариялау және бақылау, шағымдарды, пікірлерді жинау және ақпаратты талдауға арналған жалпыға қолжетімді сыртқы ресурстағы сервис. Бұл бюджет транспаренттілігінің және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі.